Автобус өрті: Сотталушы терезені сындырып, іштегілерге секіріңдер деп өтінген

17 қыркүйек 2018, 17:08

Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотталушы Барат Таңатов терезелерді сындырып, өзбекстандықтардың секіруін өтінгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус өртіне қатысты сотталушылар жауап беріп жатыр. Сотталушы Барат Таңатов өрт кезіндегі әрекетін түгел айтып берді. «Мен 14 қаңтар күні Мақсат Пернебековті көріп, оның Ресейге баратынын білдім. Ол 16 қаңтар күні кешкілік автобустың бұзылып тұрғанын, жөндеуге көмектесуін сұрады. Бардым, бірақ көмектесе алмадым. Ал таңда Пернебеков тағы хабарласып, рейске шығатынын айтты. Мен автовокзалдан емес, жолдан мініп алдым. Мақсатым — Қазан қаласына жетіп, әрі қарай көлік сатып алу үшін Нижний Новгородқа бару еді. Қалтамда ақшам да болған. Кейін Пернебеков менен көлік айдауға көмектесуімді сұрады әрі ақысын төлеуге уәде етті. Мен келісіп, Шымкенттен Жаңақорғанға дейін көлік жүргіздім. Ал Аралға келіп, демалыс орнына тоқтаған кезде 2 өзбек азаматы төбелесіп жатты. Кейін олардың өзбекстандықтарды басқарып келе жатқан екі жауапты адам екенін білдім. Жолда полиция тексерген кезде де көлік рөлінде мен отырған едім. Полицияға құжаттарды көрсеттім. Құжаттар арасында жолаушылар тізімі болғанымен, қанша адам екенін нақты аңғармадым», — деді сотта сөз алған Барат Таңатов. Автобус тоқтаған кезде айыпталушы ұйықтап жатқан екен. Таңғы сағат 7:00-7:30 шамасында оны Мақсат Пернебеков оятқан. «Пернебеков тоңып қалғандар жылыну үшін далаға көлік доңғалағын жағуға болатынын айтты. Бірақ ешкім қажет етпеді. Мен ішке кіргенде олардың жылыну үшін «паяльник» пайдаланып отырғанын көрдім. Нұржан Қырғызбаев отырды, мен жанында тұрдым. Кейін қарсы бетке автобус келіп тоқтады, мен барып, ішіне кіріп сөйлесіп тұрғанда Нұржан Қырғызбаев шықты. Ол 5-6 метр ұзағанда балағы жанған тағы бір адам шықты. Содан басқа автобустың ішіндегі өрт сөндіру құралын алып, терезелерге лақтырдым, секіріңдер деп айттым. Айқайлап жатты, бірақ ешкім секірмеді»,- деді сотталушы Барат Таңатов. Ол қолына өрт сөндіру құралын алып, іске қоспақ болады. Бірақ құрал істен шыққан соң оны терезеге лақтырып, ішіндегі адамдардан секіруін өтінген. «Жанымыздағы автобустан екі жүргізуші шықты, мен де қарадым. Өрт сөндіру құралы іске қосылмады. Терезелерді айнала сындыра бастадым. Ішінде айқай-шу болды. Нұржан Қырғызбаев та сындырды. «Секіріңдер» деп айқайлағанмен ешкім секірмеді. Алдыңғы есіктен шығу мүмкін емес еді. Себебі, жел күшейіп, өрт өрши түсті. Сонда тек Мақсат Пернебеков пен тағы бір өзбек азаматы шықты. Қара түтін болды. Ал аман қалған екі өзбек азаматы шыққан бойда тығылып, қарсы бетте тоқтап тұрған автобустың ішінде тығылып отырды. Автобус жанған кезде өзге автобустағы 20-дан астам адам да шығып, көмектеспеді»,- деді Б.Таңатов. Сотталушы өрт алдыңғы есік жақтан шыққан соң ішке кіріп, көмек көрсету мүмкін болмағанын, 10-15 минутта автобус түгел жанып кеткенін айтып берді. Еске салсақ, автобус өртіне қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», «Міндеттерін адал атқармау», «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» баптарымен үш жүргізуші және механик, құрылтайшы айыпталып жатыр. Олар — Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевтар.

Бүгін, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді