jasqazaq.kz

Ауыз су құбырының жартысына жуығы тозған – министрлік

01 наурыз 2023, 12:18

Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасын» ашық талқылауға шығарды. Құжат 15 наурызға дейін көпшіліктің талқысынан өтеді.
«Жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылдың басындағы жедел деректері бойынша республикада 98 мың км су құбыры желілері және және 17 мың км кәріз желілері бар. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, су құбыры желілерінің орташа тозуы – 43%, кәріз желілерінің тозуы – 55%. Тұтастай алғанда, 25 жылдағы сенімді пайдаланудың нормативтік мерзіміне сүйене отырып, шамамен 51 км желі күрделі жөндеуді немесе оларды толық ауыстыру қажет екені» жазылған тұжырымдамада. Ашық талқылауға ұсынылған тұжырымдамада ауыз судың сапасына қатысты түйткілді мәселе де қамтылған. Былтыр су құбырларынан алынған ауыз судың сынамасын тексергенде 3,9 пайызы санитарлық талапқа сай болмай шыққан. Тіршілік көзі саналатын судың таза болмауы түрлі ауруды өршітетіні анық.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде