jasqazaq.kz

Ауылда жұмыс беруші үй салып берсе…

01 наурыз 2023, 16:56

Ауылдық елді мекенде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі белгіленеді. Бұл туралы «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында» жазылған.

Тұжырымдамада: «Ауылда еңбек ететін адамдарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекенде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі белгіленеді. Субсидиялар салынған тұрғын үйді пайдалануға беру туралы растайтын құжаттар болған кезде бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан бөлінеді. Мемлекет ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығындарының 50 пайызына дейін өтейтін болады», — деп жазылған.

Талап бойынша субсидияланған үйлер 5 жылға еңбек шарты жасалған қызметкерге беріледі. Ал бұл мерзім аяқталғаннан кейін тұрғын үй субсидия сомасын есепке алмай, жұмыскердің меншігіне беріледі.

Тұжырымдаманы ашық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады.

JQ-Aqparat

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық