jasqazaq.kz

Ауыл шаруашылығы саласының тұжырымдамасы талқыланды

01 ақпан 2023, 15:58

Премьер-министр Әлихан Смайылов төрағалық еткен кеңесте Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы талқыланды деп хабарлайды JQ-Aqparat үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұжырымдаманы талқылау кезінде ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құжатты әзірлеу барысында отандық агроөнеркәсіптік кешені саласына әсер ететін түрлі қатер, әлемдік тренд және бизнес пен сарапшылардың ұсыныстары ескерілгенін айтты.

Тұжырымда жүзеге асса аграрлық саладағы еңбек өнімділігі 2 есеге, ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын 3 есеге ұлғайып, барлық азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуді кем дегенде 90 пайызға жетеді.

«Осы индикаторларға қол жеткізу үшін дара дақылды егістен бас тартып, ғылыми негізделген ауыспалы егістерді сақтау, сондай-ақ өндіріске заманауи ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу қажет. Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар әзірленіп жатыр, оның аясында ғылыми ұйымдарды селекцияның заманауи әдістеріне көшіру жұмыстары басталды. Тұқым шаруашылықтарының үйлесімді жүйесі құрылуда, оның негізгі субъектілері біздің ҰАҒБО ғылыми және тәжірибелік шаруашылықтары болады», — деді Е.Қарашөкеев.
Жер ресурстарын басқарудың тиімділігі, мал шаруашылығында селекцияның заманауи әдістерін енгізу, отандық өнім экспортын арттыру, аграрлық ғылымды өрістету де тұжырымдамада қамтылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде