jasqazaq.kz

Ауыл әкімінің ұлын өлтіріп кетті

07 қараша 2016, 22:25

auyl-akimi

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Погодаев ауылында 6 қараша күні сағат 10.00 шамасында М.Мәметова көшесі бойындағы өз үйінен 1993 жылғы А. есімді жігіттің мүрдесі табылды. Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, көптеген соққы белгілері бар марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Осыған күдікті ретінде Х. есімді тұрғын анықталған. Ол да 1993 жылғы. Ауылдастарының сөзіне қарағанда, екеуі бір сыныпта оқыған. Сол күні үйде жөндеу жұмыстары жасалып, спирттік ішімдік ішілген. Сол кезде керіс туындап, А-ның азаматтық некедегі әйелі марқұмның әкесін шақырған. Ол келіп айырып жіберіп, кетіп қалған. Содан кейін Х. қайтып келіп, өз ойындағысын жүзеге асырған. Айта кетейік, марқұмның өзі мектепте әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған. Ал әкесі Краснов ауылдық округінің (орталығы Погодаев) әкімі болып жұмыс жасайды.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық