
Ватсап желісі арқылы тараған қасқыр аш не ауру болуы мүмкін. Бұл туралы «Тілшіге» Әйтеке би ауданы Комсомол ауылының тұрғындары хабарлады.
«Бүгінде дала сары аяз. Комсомол ауылы қатты борандарымен ерекше ғой. Ватсап желісі арқылы барлығымызға келіп жатыр. Алайда, дәл біздің ауыл деп нақты ешкім айта алмайды. Қараңғыда үйлер де көрінбейді. Дегенмен, ауыл тұрғындары тапа-тал түсте ауыл ішінде қасқыр жүрмейді деп, басу айтып отыр. Сондықтан, тұрғындар жұмыстарына, балалар мектептеріне бара береді ғой», — дейді Комсомол ауылының тұрғыны Самал Ерғалиқызы.
Жергілікті тұрғындардың пайымынша, ауылға кіруі мүмкін қасқыр не аш болуы мүмкін, не оның «дені сау емес», өйткені, қасқыр атаулы ауылға кірмейді.
«Былтыр ауылға қарсақ кіргені рас. Ауыл иттері қанша жерден үргенімен, әлгі түк саспай тұры алды. Сондықтан, қалай болғанда да сақтануымыз керек», — дейді Комсомол тұрғыны.
Айта кетерлігі, видеода айтылған Комаров көшесі ауылда расымен бар болып шықты. Қазіргі атауы Әйтеке би, алайда тұрғындар әлі күнге дейін ескі атауымен атайды.
https://www.youtube.com/watch?v=gB5xB0A5h-c&feature=youtu.be