jasqazaq.kz

Аустралия төріндегі тарихи жеңіс: Рыбакина финалда!

26 қантар 2023, 17:02

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты. Мельбурн қаласында өтіп жатқан айтулы доданың жартылай финалында Рыбакина беларусь теннисшісі Виктория Азаренконы ұтты. Тартысты ойын 1 сағат 21 минутқа созылды.

Аустралия ашық чемпионаты үлкен дулыға санатына жататын мәртебелі доданың бірі. Елена Рыбакина былтыр үлкен дулыға додасының бірі Уимблдонның чемпионы атанған болатын. Биыл міне Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты. Қазақстан теннисшілерінің арасынан үлкен дулыға додасының финалына шыққан тұңғыш спортшы Елена Рыбакина.

Бұл додада жерлесіміз әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швентекті жеңді, жартылай финалдағы қарсыласы Виктория Аазаренконың атағынан ат үркеді. Ол Australian Open турнирін екі рет ұтқан, Лондон жазғы Олимпиадасының чемпионы. Финалда Еленаның кімге қарсы кортқа шығатыны беларусь қызы Арина Соболенко мен поляк Магда Линетт арасындағы тартыстан кейін нақтыланады.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики