jasqazaq.kz

Аудиторлық тексеру: келесі жылы кезек «Қазпошта» мен «Қазақтелекомға» келеді

10 қараша 2025, 19:21

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізгенін айтты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп.

Президентке мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндірілгені туралы мәлімет берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және аудит нысандарына 96 ұсыным мен 800-ге жуық орындалуға міндетті нұсқама жіберілді. Аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның қызметін цифрландыру шеңберінде аудиторлық жұмыстың барлық кезеңін автоматтандыратын ақпараттық жүйе енгізілгенін жеткізді.

Ведомство келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тексеру жұмыстары отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, автомобиль жолдарын дамыту, мемлекеттік ақпарат саясаты бағыттарын, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ және ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетін, сондай-ақ басқа мекемелерді қамтиды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудитті жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

JQ-Aqparat

Сурет: aqorda_resmi

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді