jasqazaq.kz

Аудан болып ішімдіктен бас тартты

30 қыркүйек 2016, 11:30

 

8a3c85f56b430a7709004d01bb00c02fЖамбыл облысы, Қордай ауданында жергілікті ақсақалдар бизнесмендерден тұрғындарға алкоголді ішімдіктер сатпауларын өтінген.

Бұл туралы Экспресс К  басылымы хабарлады.

Аудандағы бірнеше ауылда біраз жылдардан бері дұнған ұлтының өкілдері өмір сүріп келе жатыр. Олар жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Қытай елінен қоныс аударып келген. Бұл диаспора дәстүрлі құндылықтардың мұртын бұзбай сақтауға тырысып келеді. Сол себепті ақсақалдар адамды тура жолдан тайдыратын ащы судан халық болып бас тартуды ұсынған.

“Ақсақалдар өскелең ұрпақ алкоголге бас қойып, ішімдік торына түспеуі тиіс деді. Үлкен кісілер мен имамдар кәсіпкерлерге өтініш жасап, дүкендерде арақ пен темекі сатпауды сұрады. Кәсіпкерлер аталған ұсынысқа бірден келісіп, арақ өнімдерін саудалаудан бас тартып отыр. Ал кей дүкендерде темекі әлі сатылуда”, – дейді Жамбыл облыстық дұнған мәдени орталығы ассоциациясының жетекшісі Руслан Исмазов.

stan.kz

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық