
6 жылдан бері халықаралық іздеуде болған Дамір Зінәлиев биыл қаңтар айында ұсталған болатын.
28 жастағы Дамір Зінәлиевке өзінің бірнеше сыбайласымен бірігіп, «Халифат жауынгерлері» атты лаңкестік топ құрып, оны қаржыландырды деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ, ол 6 жыл бұрын Атырауда болған бірнеше жарылыстың да ұйымдастырушысы саналады. Сол кезде Атырау облыстық прокуратурасы жанында 24 жастағы Бауыржан Сұлтанғалиев өзін-өзі жарып жіберген болатын. Ал кейін осы терактіге қатысы бар оның өзге 3 сыбайласы да ұсталып, кінәсін мойындады.
Атыраулық лаңкестің Ауғанстанда қалай ұсталғанын jasqazaq.kz жан-жақты жазған болатын.