jasqazaq.kz

Атырауда жақында орнатылған 7 аялдаманы жел аударып тастады

11 қантар 2023, 16:59

Атырауда жақында ғана орнатылған 7 аялдама қатты желден аударылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде төңкеріліп жатқан аялдамалардың видеосы жарияланды. Желі қолданушылары аялдамалар балалардың үстіне құлап кетуі мүмкін еді деп алаңдаушылық танытып жатыр.

Аталған жайтқа қатысты пікір білдірген қалалық әкімдік өкілдері ашық аялдамалардың 2022 жылы қала маңындағы елдімекендер тұрғындарының көптеген өтініші бойынша орнатылғанын айтады.

Белгілі болғандай, барлығы 30 аялдама 19 006 400 теңгеге сатып алыныпты. Өкінішке қарай, оның жетеуі өткен аптада Атырауда соққан қатты желдің салдарынан құлап қалған.

«Өткен жылы қала мағындағы ауыл тұрғындарына арналған 30 ашық аялдама орнатылған болатын. Оның 7-і желден құлап қалды. Бүгінгі таңда 6 аялдама қалпына келтіріліп, қайта орнатылды. Соңғысын (видеодағы) бүгін қайта орнату жоспарланып отыр», — деп түсіндірді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Видео авторы аялдаманың тіпті бетонға бекітілмегенін атап өтеді. Жел соққан неліктен аударылып қалғанын да түсінікті болды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка