jasqazaq.kz

Атырауда халал кафе жабылды (видео)

01 ақпан 2017, 16:52

«Youtube» желісінде ерекше видео пайда болды. Дәмхананың ішін кезіп жүрген көртышқан мысықты қуып жүр. Видеоның соңы мысық пен көртышқан арасындағы төбелестен шошынған әйелдің айғайымен аяқталады. «Субһаналлах, кафе «Достар» деп аталатын видеоның нақты қай қаладан жүктелгені белгісіз. Бірақ, 16 секундтық видео оны көрген адамға жағымсыз әсер қалыптастырып үлгереді.

Осы видеоның жалғасы ретінде, Атырау облыстық сотының сайты хабарлама жариялады. Онда Атырау қаласында орналасқан «Зәм-зәм» асханасының санитарлық талапы бұзуына байланысты, он күнге жабылғаны айтылады. Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен, «И.У.Сисенов» жеке кәсіпкерлігіне 226 900 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Аты айтып тұрғандай, «Зәм-Зәм» өздерін «халал» атайтын асхананың бірі. Келушілерін көбіне ерекше атауымен қызықтырып жүрген шағын асхананың санитарлық талапты бұзуы бір бұл емес екен.
Сот сайтында жарияланған материалда, «Зәм-Зәм» асханасының өткен жылы да санитарлық талаптарға олақ қарағаны айтылады. Асханада бірнеше мәрте тексеріс жүргізілді. Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін, бірнеше рет ескерту берілді. Бірақ, кәсіпкер күні бүгінге дейін кемшіліктерді жоюды қажет деп таппай келіпті.
Халал маркасын қазір түрлі мақсатта пайдаланып жатқандар жетіп артылады. Осындай маркамен клиент жинап, қызмет көрсетіп жатқан дәмханалар да өте көп. Ал, олардың барлығы бірдей санитарлық талаптарға жауап бере ала ма? Жоғарыда айтылған видеоны көріп отырып, ойымызға келген сұрақ осы болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық