Атырауда қатты соққан дауыл қаланың астан-кестеңін шығарды. Сондай-ақ бірнеше күннен бергі аптап ыстықтан соң, бұршақ аралас жаңбыр жауып, бірнеше тұрғын үй мен нысандардың шатырларын ұшырып, автокөліктерді басып қалған. Жылдамдығы секундына 20-22 метрге жететін қатты желдің әсерінен талдар құлаған.
Бұл аздай, бұршақ аралас жауған нөсерден қала көшелерін су басып, әп-сәтте көлік қозғалысына қиындық туғызған. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің де жүрісіне кедергі келтірген. Әзірге шығын көлемі айтылған жоқ.
Атырау облыстық ТЖД өкілі Нұрлан Жаңабаевтің айтуынша: «Қала бойынша бес ғимараттың шатыры ұшып, салдарынан сегіз автокөлік зақымданды. Сонымен қатар сегіз тұрғын үйдің аулаларын су басқаны анықталды. Қазіргі уақытта су сору жұмыстары толықтай аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде»