jasqazaq.kz

Атырауда апат жойылып, барлық үйге жылу берілді

27 желтоқсан 2022, 13:40

Атыраудағы шағын ауданда магистральды құбырдағы ақау жөнделіп, көпқабатты 87 үй мен мектепке жылу берілді. Мектептегі сабақ әдеттегі форматта өтіп жатыр. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұдан бұрын Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы құбырдан ақау табылып, жылу беру уақытша тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Сол себептен, шағын ауданда орналасқан көпқабатты 87 үйдің тұрғындары түн ортасына дейін жылусыз отырды.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіровтің дерегіне сүйенсек, кеше, 26 желтоқсан күні сағат 11:30-да «Нұрсая» шағын ауданында жылу беру жүйесі істен шыққан.

Магистральды жылу құбырының жалпы ұзындығы 3045 метрді құрайды. Ал, диаметрі – 426 мм. Бұл құбыр мен көпқабатты 87 үй мен №40 орта мектепке жылу беріліп келген.

«Соның салдарынан 87 көп қабатты тұрғын үй мен №40 орта мектеп жылусыз қалған еді. Кеше, 26 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 23:50-де үйлер мен білім нысанына жылу беру толықтай қалпына келтірілді», -деді Темірлан Әубәкіров.

Ал, жалпы білім беретін №40 орта мектептің директоры Жанаргүл Атшыбаеваның айтуынша, бүгін, 27 желтоқсанда білім ордасында сабақ тоқтатылмаған. Оқушылар мектепке келіп, сабақ әдеттегі форматта өтіп жатыр. Оқушылар оқуларын офлайн форматта жалғастырып жатқанын айтты.

«АтырауЖылуЖүйелері» АҚ-ның бірініші вице-президенті-бас инженер Әлібек Темірғалиевтің айтуынша, магистральды құбырдағы ақауды жөндеу үшін дәнеккерлеу жұмысы атқарылған. Кейін жылу құбырын ыстық сумен толтыру процесі жүргізілген. Бұл жұмыстарды атқаруға аталған кәсіпорынның 15-ке жуық қызметкері мен 5 техникасы тартылған.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка