
Атырауда өткен блогқұрылтайда ұлтқа, қазақтың болашағына қатысты сәуегейлік танытқан әулие Әнуар Нұрпейісов өзінің айтпаған сөзін айтты дегені үшін отандық БАҚ-ты сотқа беретінін мәлімдеген болатын. Соған қатысты Атырау облысының баспасөз қызметі актерден кешірім сұрады деген ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
«Құрметті достар! Атырауда өткен блогерлер құрылтайына қатысты материалдар үшін Атыраудағы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі ешкімнен кешірім сұраған жоқ. Себебі баспасөз қызметінің басшысы ретінде қандай да бір ресми немесе бейресми сайттарға, интернет порталдарға ақпарат беруге тапсырма берілген жоқ. Жеке адамдар өз сөздеріне немесе жазған ойларына өздері жауап бергендері жөн!» — деп жазады Атырау облысы баспасөз қызметінің жетекшісі Саламат Сабыр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, блогқұрылтайға қатысушы Әнуар Нұрпейісовтің осыдан 500-1000 жылдан кейін ұлт деген ұғым болмайды деген пікірі қызу талқыға түсіп, журналистер қауымы актердің қазақ ұлтынан кешірім сұрауын талап еткен болатын.