jasqazaq.kz

Атырау облысында әлеуметтік нысандар тұрғындарға қуаныш сыйлауда

27 желтоқсан 2022, 10:00

Қазақта «алаған қолым береген» деген тәмсіл бар. Сөздің астары саған шарапаты тигенге қайырымыңды көрсет дегенге саяды. Біз бұл мысалды неге айтып отырмыз? Атырау облысында Теңізшевройл (ТШО) деп аталатын іргелі ұжым, ірі компания бар. Міне осы ТШО елімізде, оның ішінде Атырау облысында ғана емес, батыс аймақтарда бірнеше жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды қарқынды түрде қолдап-қуаттап, демеушілік танытып келеді. Әлеуметтік нысандарды компания қаржысына салып беріп, тұрғындарға орасан қуаныш сыйлаудың тамаша үлгісін көрсетуде. Әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуді маңыздылыққа балайтын ТШО «Игілік» деп аталатын ерікті инфрақұрылымдық бағдарламаның тікелей жүзеге асырушы ұжым. Осы бағдарламаның негізінде биылғы жылы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында 3000 адам еркін сиятын заманауи үлгідегі орталық стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ел игілігіне берілді. Одан сырт Құлсары қаласының орталық аруханасының құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр.
«Біздерде мынадай бар, мынадай бар» дегендей, ТШО-ның әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып, қолдауға келгенде мақтанышпен айтар, өзгеге үлгі етер игілікті істері көп.

ТШО компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Ароновтың айтуынша Атырау қаласындағы және Атырау облысындағы 14 ауруханаға 6 миллион АҚШ долларынан астам сомаға аса қажетті, маңыздылығы жоғары медициналық құрал-жабдықтар сатып алыныпты. «Біздің компания коронавирустық инфекцияға диагностика жасау мен емеудеу үлгісінің заманауи хаттамаларына сай жансақтау бөлімшелерінің жабдықталуын қамтамасыз етті. Және сатып алынған медициналық құрал-жабдықтардың арасында жүкті аналар мен балаларға жоғары технологиялық сападағы көмек көрсетуге арналған құрылғылар да бар. Әлеуметтік бағдарламаларға айырықша көңіл бөліп қолдау көрсетіп келе жатқан ТШО биылғы жылдың қарашасынан бастап келер жылдың сәуір айына дейін Атырау облысының 100 тұрғынын яғни зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, жалғыз қалған қарттарды «Атырау» санаторийінде денсаулық сақтау курсынан өткізіп жатырмыз. Жер ортасы жасынан асқан 100 тұрғынның жартысына жуығы жылыойлықтар» дейді Дәрмен Аронов.

ТШО тек медицина саласында ғана емес, білім өрісінің де құрал-жабдығын жаңалап, жаңғыртып беруге үлкен қолдау көрсетіп, қаржылық демеушілік жасап жүр. Мысалы керек десеңіз, биыл №3 арнайы қызмет көрсету орталығында балаларға арналған сенсорлық кабинетті, Атырау облысындағы арнайы мектеп-интернатының физика-биология кабинеттерін барлық керек-жарақ құрал-жабдығын алып беріп қамтамасыз етті. Облыстық оңалту орталығының да жаңарған, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтары ТШО-ның қаржылай қолдауымен сыйға тартылды. Компанияға қарайтын еріктілер ұйымындағы жастардың да белсенділігі жоғары. Олар үнемі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын балалар үшін қайырымдылық іс-шарасын жиі ұйымдастырып, түрлі акциялар өткізеді.

Біз атаған әлеуметтік жобалар Атырау облысына жасаған ТШО тартуының бір бөлігі ғана. Компания басшылығы үшін өңір халқының әл-ауқаты әрқашанда басты назарда. 20 жылдан астам уақыттан бері дәстүрге айналған «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму бағдарламасының желісімен ТШО денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жаңартуға, мектептер, балабақшалар салуға, қоғамдық кеңістіктер мен өзге әлеуметтік нысандарды салу ісіне биыл 25 миллион АҚШ долларын жұмсады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бірер мысал келтірелік. «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасының негізінде қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша балабақшаның құрылыс жұмысы 2021 жылдың желтоқсан айында басталып, 2022 жылдың қыркүйегінде аяқталып, мереке қарсаңында тапсырыс беруші мекемеге салтанатты түрде тапсырылды. Бұл балабақшада енді 3-6 жас аралығындағы 160 балақай тәрбиеленеді. Екі қабатты балабақшада әр жас ерекшелігіне қарай 7 топқа бөлінетін балалардың даму қабілетін арттыруға бағытталған құрал-жабдықтың барлығы бар. Заманауи үлгіде салынған балабақшада гимнастика мен музыка сабақтарына арналған әмбебап зал, спорт жабдықтары мен музыкалық аспаптарды сақтайтын арнайы қойма, дене шынықтыру залы, әбмебап үйірмелердің де жеке-жеке кабинеттері бар. Оқшаулау бөлімі бар медициналық блокта процедуралық кабинет, физиотерапия кабинетінен сырт функционалдық бөлмелер де медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Төменгі топтардан бастап, мектепалды даярлық тобына дейін баулитын балабақшада денешынықтыруға арналған, оқу кабинеттерінің де көрекі құралдары педагогикалық процестің қарқынды жүруіне септігін тигізеді. «Игілік әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасының аясында осы күнге дейін мектеп, аурухана, балабақша, емхана сынды 100-ден астам әлеуметтік нысандар салынып, мыңдаған адамға тұрақты жұмыс орындары ашылды.

ТШО компаниясының стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас менеджері Қалибек Мұханов «Көктем» ықшам ауданындағы кезекті әлеуметтік нысан балабақшаның салтанатты ашылу рәсімінде былай деген болатын: «Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан қоғамға осындай пайдалы әлеуметтік жобалар арқылы қолдау көрсететінімізді мақтан тұтамыз. Біз алдағы уақытта да ел экономикасына, Атырау облысының тұрғындарына пайда әкелетін жауапты әрі сенімді жұмыс жасауды тоқтатпай жалғастыра береміз».
Көктем ықшамауданының кішкентай бүлдіршін тұрғындары үшін салынған «Шағала» балабақшасының ашылу рәсімінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев: «Балабақша — барлық әлеуметтік нысан ішіндегі ең маңыздысы, бөбектердің үлкен өмірге деген алғашқы баспалдағы. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген киелі сөз бар. «Шағала» балабақшасынан білімді, тәрбиелі, елінің дамуы үшін аянбайтын ұрпақ тәрбиеленеді деген үлкен сенімдемін» деді үлкен тебіреніспен.

ТШО отыз жылға жуық уақыттан яғни 1993 жылдан бері қарай Атырау облысы тұрғындарының игілігіне 2,6 миллиард АҚШ долларына жуық қаражат жұмсаған. Енді қараңыз, тек «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасына биылғы жылдың өзіне ғана 25 миллион АҚШ долларын бөлген. Бұл қаржы мектептер, балабақшалар сынды әлеуметтік нысандардың құрылысынажұмсалды. Осы жылы Атырау облысы ғана емес, Маңғыстау облысына қарайтын Боранқұл ауылындағы денсаулық сақтау, білім сапасын көтеру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жолында компания әлеуметтік инвестициялар шеңберінде 2,3 миллионнан астам АҚШ долларын бөлді.

Қуаныш Рахмет

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка