jasqazaq.kz

Ата сақалы аузына түскенше бала бола ма?

28 наурыз 2023, 15:33

Астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында шенеуніктер көп балалы және жалғыз басты аналармен кездесу өткізді. Осы кездесу барысында «балалар 18-ге толғаннан кейін неге бізді көп балалы статусынан айырады» деген сауал қойылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев пен Астанадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб өз уәжін алға тартты.

«Бұл мәселеде объективті болу керек. Бала есейеді, оқу бітіреді, өз отбасын құрады. Бұл барлық дамыған елдердегі қалыпты жағдай. Белгілі бір жасқа жетіп, отбасын құрғаннан кейін көп балалы деген статус жойылады. Өйткені балалары ата-анасын асырауы керек. Бұл еліміздің «Неке және отбасы туралы» заңында жазылған», — деді Илья Скуб.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мұның әлемдік тәжірибе екенін нақтылады. Төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ана көп балалы атағын иеленеді. 18 жасқа толғаннан кейін ол бала емес. Ана үшін өмір бойы бала болып қалса да, заң бойынша ересек адам.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті