jasqazaq.kz

Астаналықтарға жер берілмейді

24 мамыр 2016, 18:57

1

Астана тұрғындарына жеке үй салуға жер берілмейді,-деп мәлімдеді бүгін қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында жер қатынастарын басқару және жерді қорғауды бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов. Ол қазір дайын жер телімі болмағандықтан, ешкімге жеке үй тұрғызатын жер берілмейтінін қадап айтты. Т. Нүркенов: «16-24 мамыр аралығында жер алуға 1237 адам өтініш берді. 23 мамырдың өзінде 773 адам осындай өтініш тапсырды. Заң бойынша, біз ол өтінішті қабылдаймыз. Кезекке қоямыз, халықпен жұмыс істейміз. Егер өтінішті қабылдамасақ, жұрт реніш білдіреді. Алайда оларға беретін жер жоқ» деп ашық түсіндірді.

Құзырлы мекеме жетекшісінің айтуынша, Астананың бас жоспарына сәйкес, қалада барлығы 45 мың жеке үй салынуы керек. Қазіргі дейін 30 мың үй салынып болғандықтан, 2030 жылға дейін тек 15 учаске беріледі. Ал жеке басына үй тұрғызуға өтініш бергендер саны 103 мыңнан асып кетіпті. Себебі бұл өтініш 2006 жылдың тамыз айынан бері қабылдана бастаған. Тек 2007 жылы ғана жеңілдікті пайдалана алатын азаматтарға 1120 учаске бөлінген. Одан басқа ешкімге жер берілмеген.

 

Төлен Тілеубай

Астана

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты