jasqazaq.kz

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды (Видео)

06 ақпан 2023, 10:51

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

«3 ақпанда сағат 3.26-да «102» арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен», — деді елордалық ПД өкілі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде