jasqazaq.kz

Астанада терезеден құлаған қызды ауруханаға апара жатып жол апатына ұшырады

17 мамыр 2017, 13:00

Астанада терезеден құлап кеткен баланы ауруханаға апара жатқандар жол апатына ұшырады.

Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері отбасы зардап шеккен жол апатының мән-жайын айтып берді. 16 мамырда кішкентай қыз 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ата-анасы қызды жедел жәрдем келгенше өз көлігімен ауруханаға апармақшы болып, жолда апатқа ұшыраған. Отбасы отырған көлік жүк көлігімен соғысқан. «КамАЗ көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесімен келе жатып Жұмабаев көшесімен қиылысар тұста сол жаққа бұрыламын деп Toyota көлігімен соғысқан. Ал ол қарсы бағытта келе жатқан. Салдарынан жүргізуші, яғни әкесі мен кішкентай қыз ауруханаға жеткізілген», — деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, қыздың ауруханаға жатқызылғаны, ал қыздың әкесінің жарақат алып, бірақ дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне қайтарылғаны айтылады. «КамАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілер қыздың терезеден құлап кеткені жайлы хабарламаның аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне балалар ауруханасынан түскенін айтып өтті.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық