jasqazaq.kz

Астанада сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

29 қазан 2025, 10:20

Астанада полицейлер сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Jasqazaq.kz ІІМ-баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасын анықтады.

Жедел-іздестіру барысында 26 жастағы құқық бұзушы анықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтамаған азамат ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, айналадағы өзге азаматтарға құрметпен қарауға және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді