
Астанада жануарларға қатыгездік көрсеткен, ұсақ бұзақылық жасаған адам ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде тұрған жігіт мысықты аяусыз тепкілейтін видео анықталған.
«Алматы» ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері оның кім екенін анықтаған. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram