jasqazaq.kz

Астанада іздестіріліп жатқан студенттің көлігі табылды

15 тамыз 2016, 16:50

Астанада Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі Бахтияр Жаманғараев жоғалып кетті.

Бұл туралы елордалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Биыл 11 тамыз күні 14:00 сағат шамасында Бахтияр Жаманғараев Бәйтерек монументі маңындағы «Дипломат» тұрғын-үй кешеніндегі өз пәтерінен шығып, содан қайтып оралмаған.

Бахтияр Астана әуежайынан анасын күтіп алуы керек болған, алайда ол сол беті әуежайға жетпеген. Көп ұзамай, Жаманғараевтың көлігі де табылды. Анықталғандай, көлік ломбардқа тапсырылған. Жоғалып кетердің алдында Бахтияр букмекерлік кеңселердің бірінде бәс тіккен, оның құмар ойындарға әуестігі бары белгілі болды.

Оның жоғалып кеткендігі туралы хабарлар Инстаграм мен Фейсбук әлеуметтік желілерінде таратылуда.

«Көмектеріңіз қажет! Жас жігіт жоғалып кетті! Аты — Бахтияр Жаманғараев! ҚазГЗУ-дің түлегі. Туған-туыстары онымен хабарласа алмай отырғандарына бірнеше күннің жүзі болды. Қандай да бір ақпарат болса, мына нөмірлерге хабарласуларыңызға болады: 8771 775 04 09», — делінген туыстары мен достары таратқан хабарламада.

Жаманғараевтың туыстары берген мәліметтер бойынша, Бахтиярдың бойы — 170-175 см, орташа денелі.

Астананың ішкі істер департаменті де Бахтияр Жаманғараевтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растап отыр. Полицейлердің хабарлауынша, іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Биыл 11 тамызда Жаманғараевтың жоғалып кеткені жөнінде туыстары арыз берді. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен азаматты табу үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Іздеу ісі қозғалды», — деп хабарлады ондағылар.

Қазір Бахтияр Жаманғараевты іздеуге 200-ден астам адам өз еркімен жұмылдырылған.

20160813141422-700x466

 

365info

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық