jasqazaq.kz

Астанада «Иегова куәгерлері» уағызшысына үкім шықты

02 мамыр 2017, 11:51

Сарыарқа аудандық соты «Иегова куәгерлері» христиан қауымдастығы» діни бірлестігінің өкілі Теймур Ахмедовке үкім шығарды. Оған дінаралық алауыздық тудырғаны үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру үкімі шықты.

«Бұрын сотталмаған Теймур Ахмедов Сұлтаноглыға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Куәгерлерден жауап алып, сотқа дейінгі өндіріс, сот тергеуі материалдарын зерделеп, сот пікірсайысын және сотталушының соңғы сөзін тыңдап, ҚР ҚПК 387, 390, 393, 395, 398, 401, 402-баптарын басшылыққа алып, сот Теймур Ахмедов Сұлтаноглыны ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп таныды және оған аталған бапта көзделген 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау үкімін шығарды», — деген үкімді оқыды судья Талғат Сырлыбаев. Еске салсақ, ҚР ҰҚК қызметкерлері 2017 жылғы 18 қаңтарда қоғамдастық мүшелері Теймур Ахметов пен Асафа Гулиевті ұстады. ҰҚК ақпаратына сәйкес олар Астанада әртүрлі пәтерлерде түрлі конфессия мен этностар өкілдерінің діни және ұлттық сезімдерін кемсіту белгілері орын алған бірқатар діни жиналыстар өткізген.

ҚазАқпарат

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық