jasqazaq.kz

Астанада бүлінген «Қазақ елі» монументін жөндеуге әкімдік альпинистерді тартпақ

24 наурыз 2017, 22:05

Белгісіз біреулердің 91 метрлік ескерткіштің ең биік жеріне есімдерін қашап жазып кеткені демалыс күндері белгілі болған еді.

Бұл сөздерді Наурыз мейрамын дронға түсіріп, ролик жасаған қоғам белсендісі байқап қалған. Әрине, мұнда олар анық көрінбейді. Десе де, көзі қырағы азамат «Қазақ еліне» белгісіз біреулердің Мұрат, Бердібек және Тараз деп жазып кеткенін байқаған.

Бұны әкімдіктегілер де растап отыр. Бірақ шенеуніктер Елордадағы ең үлкен ескерткішті бүлдіргендерді іздеп, жазаламайды екен. Өйткені бұл вандалдардың емес, құрылысшылардың ісі. Оның үстіне алып сәулет өнерінің туындасына арнайы техника болмаса шығу мүмкін емес.

«Монументтің жоғары жағына жазба қалдыру мүмкін емес. Меніңше, ескерткішті орнатып жатқанда жұмысшылар өз есімдерін қашап жазған. Жақында альпинистер бояудың құрамын тексереді. Сөйтіп, өшірудің жолдарын іздейді»,-дейді Астана қаласы Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы директорының міндетін атқарушы Нелли Шиврина.

Кtk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық