
Қала әкімдігі автотұрақ ақылы болатын көше тізімін нақтылады. Таратып айтсақ, орталық көшелер мен даңғылдарда 259 ақылы тұрақ болады. Онда 9 мыңға жуық көлік қоятын жер белгіленеді. Қала билігі «Астанадағы автотұрақ кеңістігін басқару» жобасын биылғы жылдың екінші тоқсанында іске асырмақшы. Әзірше белгілі болғаны, Тұран, Қабанбай батыр, Сарыарқа, Республика, Жеңіс, Бөгенбай батыр, Достық, Желтоқсан, Кенесары, Сығанақ, Сейфуллин, Ә. Бөкейхан, Түркістан, Сарайшық көшесінде ақылы автотұрақ жасалады.
Алайда қарапайым көлік жүргізу мәдениеті әлі қалыптаспаған елордамызда ақылы автотұрақтан кейін жол қозғалысы бірден жақсарып кетеді дегенге сену қиын. Әрине, бұл жеке пікірім. Мүмкін жұрт басқаша олайтын шығар.
Төлен Тілеубай
Астана