
Бүгін Италияда бір күнге созылатын «Джиро ди Ломбардия» жарысы өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша «Orica-BikeExchange» командасының мүшесі колумбиялық Эстебан Чавес жеңімпаз атанды, екінші орында — «Астана» велошабандозы италиялық Диего Роза, үшінші орында — тағы да бір колумбиялық «Cannondale-Drapac» спортшысы Ригоберто Урана.