jasqazaq.kz

Астана полицейлері көліктің жаңа түрін пайдалануда (фото)

19 қыркүйек 2016, 10:43

14322411_866636706805467_4835711109197011830_n

Қазақстан астанасында полицейлер сигвей тебуді меңгеріп жатыр, – деп хабарлайды Stan.kz Астана әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

“Астана полициясы инновацияларды қолдануда”, – деп жазды Исекешев бөліскен суретінің жазбасында.

Segway компаниясы бүкіл әлем полицейлерін самокаттың жаңа түрімен жабдықтайды. Полицейлер сигвейдің жылдамдығы мен ептілігін ерекше атап өткен. Тәртіп сақшылары сигвейлерді саябақтар мен әуежайларды күзету барысында қолданады. Нью-Йорк полициясы мұндай самокаттардың алғашқы топтамасына сонау 2007 жылы қол жеткізген.

Segway аккумулятормен жұмыс істейтін екі дөңгелекті қоғамдық көлік түрі болып табылады. Алғаш рет Segway 2001 жылы қолданысқа енгізілген. Ол әлемдегі ең төзімді қос дөңгелекті қоғамдық көлік түрі болып табылады.

Әкімнің желідегі оқырмандары таңданыстарын жасырмады.

“Супер”, “Керемет”, “Бангкок полицейлері мұндай самокаттарды 10 жыл бұрын қолданған”, “Тасты жолмен қашып бара жатқан қылмыскерді қуып жете ала ме екен?”- деп жазған желі қолданушылары сигвейдің жылдамдығының қаншаға дейін баратынын білгісі келген. Ал ендігі бір топ оқырмандар полицейлерге көлік түрімен бірге киімдерін де ауыстыруға кеңес берген. Сондай-ақ, бұл технологияның дым пайдаға аспайтынын айтып, сынағандар да табылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық