jasqazaq.kz

Астана маңында мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

18 қантар 2023, 14:34

18 қаңтар күні Астана маңында парашютпен секіру тапсырымасын орындау кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов:

«Парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімдік қызметтегі сарбаз қаза тапты. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр».

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, әскери қызметші әскерге 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған.

ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов:

«Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажет шара қабылданады».

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді