Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев 1 мамыр күні болған мереке кезінде асық ойнап шеберлігін көрсетті.

Әкімнің қолына сақа алып, асық иірген видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.