jasqazaq.kz

Әскерилердің жалақысы көтеріледі

23 ақпан 2023, 15:48

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов биыл бірқатар әскери қызметкердің жалақысы көтерілетінін айтты.

Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген вице-министр: «Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Одан басқа, жыл соңына қарай әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақасын азаматтық жоғары оқу орындарындағы деңгейге дейін көтеру бойынша мәселе шешімін табады. Әскери медицина саласында қызмет ететіндерге бөлінетін қаржыны да азаматтық сектордағы медқызметкерлер деңгейіне дейін көтеру ұсынысын Үкімет қолдады», — деді.

Биыл әскерилердің жалақысы 30 пайыздан астам мөлшерге көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторлар мақұлдаған әскери полицияға қатысты жаңа заңда «қызметкер» сөзі қолданылмайтыны туралы жазған болатынбыз. Жаңа заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Заң Мәжіліс қабылдаған «Әскери полиция органдары туралы» заңның ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка