jasqazaq.kz

Әскери қызметкер салтанатты шарада басына бөтелке жарып, бір көзінен айырылды (Видео)

25 қараша 2025, 11:31

Әскери қызметкер салтанатты шарада басына бөтелке жарып, бір көзін жаралап алды Өнер көрсетемін деп өмірімен қош айтыса жаздады. Жамбыл облысында 24 жастағы әскери қызметкер салтанатты шарада басына бөтелке жарып бір көзін қатты жаралап алған. Енді дәрігерлер әскери қызметкер дер кезінде емделмесе, екінші көзінен де айырылуы мүмкін деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Гүлзира Байқонысова жәбірленушінің анасы:

— Баламның бет-жүзін көріп таңқалдым. Одан кейін дәрігерлерде айтты, баланың көзі көрмейді деді. Менің талабым баламның көзін емдеп, орынына көзін салып берсін.

Оқыс оқиға өткен сенбіде Жуалы ауданындағы 91/678 әскери бөлімде болған. Жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі кезінде әскерилер ата-аналар алдында ұрыс өнерін көрсеткен. Сол сәтте Жақсылық Молдақұлдың өз басына жарған бөтелкенің сынықтары көзіне кіріп кеткен. Шашылған шыны оны көз жанарынан айырыпты. 24 жастағы азамат бұған дейін бұл қауіпті трюкті бірнеше рет жасағанын айтады. Дәрігерлер қажетті ем-дом шаралары жасалғанымен, көру мүшесін сақтап қалу мүмкін болмады деп отыр. Өйткені әскери қызметкердің жанары сол салтанатты шарадағы шоу үстінде ағып кеткен дейді. Ал әскери бөлім басшысы жәбірленушіні далаға қалдырмаймыз деп уәде етті. Ол қажет шараларын қабылдағаннан кейін, жұмысқа оралуы мүмкін деп отыр.

Бауыржан Есалы, Жуалы ауданы 91678 әскери бөлімінің командирі:

— Мүгедек болып кетті деп айтуға әлі ерте. Өйткені медициналық сараптама әлі өткен жоқ. Емделіп жатыр. Ол әскери қызметшіге әлі көмек көрсетеміз. Медицина жағынан көмек көрсетеміз. Ол заңда көрсетілген.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура