jasqazaq.kz

Әскери билеті болса да шақырады

06 ақпан 2023, 14:51


Қорғаныс министрлігінің офицері Арман Смағұловтың айтуынша, ел Үкіметінің биылғы қаулысы бойынша, 345 адам әскери қызметке шақырылады. 260 адам Қарулы күштерге, қалғандары төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан және Шекара қызметіне жіберіледі. Нақты тізім жасалмайды, өйткені олар жыл бойы өтетін іріктеулерден соң шақырылады, — деп түсіндірді кадрлар департаментінің офицері.

«Запастағы офицерлердің бәрінде әскери билет бар. Әскери билет — мерзімсіз жеке әскери есепке алынған құжат. Ол құжат әскери қызметке шақырудан босатпайды. Жалпы әскери қызметке шақыру жергілікті әскери басқару органдарымен жүргізіледі. Әскери есепте тұрған азаматтарға шақыру қағазы беріледі. Сол шақыру қағазы бойынша олар аталған мерзімде органға келуге міндетті. Онда олардың жеке істерін рәсімдеп, материалдарды қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментіне жолдайды. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру талаптарына, оның ішінде жас ерекшеліктеріне келсек, 29 жасқа дейін, медициналық қызметтегі офицерлер 32 жасқа дейін шақырылады. Денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, бәрі де ескеріледі. Шақыру комиссиялары бәрін жан-жақты қарайды», — деді А.Смағұлов.

Оның айтуынша, әскери борышын өткеруге аттанатын азаматтардың бұрынғы жұмыс орындары сақталмайды. Өйткені оларға келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен бірдей жалақы төленеді. Барлық әскери қызметшілерге міндеттелген әлеуметтік пакет оларға да тиесілі болады. Сондықтан банк алдындағы берешектерін, ипотекасын өтейді. Олар 24 айға, яғни екі жылға шақырылады.

Сондай-ақ запастағы офицерлер әскери борышын өтеуге тұрғылықты мекен-жайы бойынша шақырылуы мүмкін. Әскерге шақыру науқаны жылдың соңына дейін жүргізіледі.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты