jasqazaq.kz

Асхат Тарғын «NіnеtyOne» тобының концертін өткізбейік!

27 қыркүйек 2016, 15:49

20160925091817

Әнші Асхат Тарғын қазақстандықтарды «NinetyOne» тобының Ақтөбеде жоспарланған концертіне қарсылық білдіруге шақырды.

«askhat_targin_official#Repost@zhasulan_abdurahman with@repostapp. Ағайын, жұмыла көтерген жүк жеңіл,бәріміз бір ауыздан қазақ өнерін ластатпауға, жұртты, елімізді аздыруға жол бермейік. #Мен_NientyOne концертінің Ақтөбеде_өтуіне_қарсымын#Repost», — деп жазған ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Желіні пайдаланушылардың бірі Асхат Тарғынды бұл жазбасы үшін айыптаса, бірі қолдау білдірді.

Олардың жекелегенін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік: — «Өзіңіз осыншама жанкүйерді жинай алдыңыз ба? Сізді тойларға ғана шақырады. Жастарға жол беріңіздер. Заманмен бірдей аяқ басыңыздар. Сіздердің тыңдармандарыңыз 40-70 жастағылар. Өздеріңізді еске алыңыздаршы. «Ласковый май» тобының әндеріне билеу үшін би кештеріне барған боларсыз?! Олардың ол кездегі түрлері қандай еді?».

—  «Ақтөбе біздің үйіміз. Үйімізге дұрыс адамдар кірсін. Олардың кіруіне үзілді-кесілді қарсымын. Бастаманы аяғына дейін жеткізіңіздер, жігіттер!».

—  «Ата-аналары қайда қарап отыр бұл жігіттердің?».

—   «Сіз өзіңіз де өнер жолында жүрген адамсыз. Сіздің де əндеріңіз біреулерге ұнамайтын шығар. Ол топтың өз тыңдарманы бар. Демократиялық мемлекетте əр адам қалай киінгісі, қалай жүргісі келетінін өзі біледі. Өзіңізге де осылай қақпақ болса ұнар ма еді?».

Еске салайық, «NinetyOne» тобының жетекшісі «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Өзіндік стилі бар топ құрылған күннен бастап-ақ көпшіліктің сынына ұшырап келеді. Дегенмен, бұл оларға жанкүйерлердің жүректерін жаулауға, отандық және шетелдік түрлі хит-шерулердің  алғашқы орындарынан көрінуге кедергі болып отырған жоқ.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық