jasqazaq.kz

Қашағанда коммерциялық өндіріс басталды

21 қараша 2016, 16:35

snimok

Қашаған кен орнынан мұнай өндіру көлемі қараша айында тәулігіне 75 мың баррельге дейін жетті. Бұл туралы Мәжілісте өткен үкімет сағаты барысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қашаған кен орнында қайтадан мұнай өндіріле бастады. 14 қазанда «ҚазТрансОйл» және КҚК (Каспий құбыр консорциумы) құбыр жүйесі арқылы тауарлық мұнайдың алғашқы партиясы жөнелтілді және «Интергаз Орталық Азия» газ құбыры арқылы тауарлық газ жеткізілді. Биыл 1 қарашада Қашаған жобасы коммерциялық мұнай шығару деңгейіне жетті, басқаша айтқанда, тәулігіне 75 мың баррельден асты», -деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 19 қарашасында кен орнында 450 мың тонна мұнай шығарылды. Жыл соңына дейін 1,1 миллион тонна мұнай шығару жоспарланып отыр.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты