jasqazaq.kz

«Қашағанға» хакерлер шабуыл жасаған

13 мамыр 2017, 15:48

Атырау облысындағы «Қашаған» кенішінде мұнай игеріп жатқан компанияның серверлеріне хакерлік шабуыл жасалды.

Бұл мәліметті компанияның баспасөз қызметі растап отыр. Олардың айтуынша, кеше сағат 18:00 шамасында мекеменің ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ішкі серверлерге вирус енгенін анықтаған. Осыған байланысты компанияның почтасы мен ғаламтор желісі уақытша сөндірілді.

Қазір мамандар хакерлік шабуылдың салдарын жоюға кіріскен.

Естеріңізге сала кетейік, «Қашаған» кенішін барлық еншілес кәсіпорынның атынан «Солтүстік Каспийді игеруші компаниялар тобы» басқарады. Хакерлік шабуыл кеніштегі мұнай өндіру жұмыстарына әсер еткен жоқ. Теңіздің жасанды аралдарындағы өндіріс пен құрлықтағы «Болашақ» мұнайды кешенді өңдеу зауытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

24.kz

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық