jasqazaq.kz

Әсет Шындалиев: Бұл шарт Әбіләзовке қатысты емес

18 қантар 2023, 15:14

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Франциядан Мұхтар Әбіләзовті елге қайтару үшін қандай құжатты бекіту керек екенін айтты деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңы қабылдады.

Осы орайда тілшілер Бас прокурордың орынбасарынан осы құжат арқылы Мұхтар Әбіләзовті Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі туралы сұрады.
Ә. Шындалиев бұл құжатта істі болған адамдарды беру немесе экстрадициялау ескерілмегенін айтты.

«Шарт тек құқықтық көмек көрсетуді қарастырып отыр. Бұл тұрғыда тергеу амалдарын жүргізу, тінту сияқты іс-шаралар ескерілген. Сондықтан қылмыстық жауапқа тарту үшін адамдарды экстрадициялау аталған құжатта қамтылмаған. Атап айтқанда, осы шарт Әбіләзовке қатысты емес. Мұндай құжаттарды осыған дейін 29 мемлекетпен бекіткен едік. Бұл шарт нақты бір адамға арналмаған», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Осы орайда ол істі болған адамдарды алдыртуға қатысты жеке шарттар бар екенін еске салды. Бұл құжат аясында елге қайтару талаптары болады

«Мұндай шартты Франциямен арада бекітпедік. Егер аталған шартсыз біз экстрадиция туралы сұрау жолдасақ, өз кезегінде Франция бұл сұрауға қандай жауап беретінін өзі қарастырады», — деді ол.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата