jasqazaq.kz

Асқар Мырзаxметов: шешім Елбасы қарауына енгізілетін болады

13 тамыз 2016, 13:46

20160813102605

Жер комиссиясы жерді жалға беруге қатысты мораторийді 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына енгізетін болды.

«Біріншіден, біздің қазір көріп отырғанымыз, жаңа айтқан аргументтер негізінде, бұл тек қана комиссия мүшелерінің пікірі ғана емес, ең бастысы — көпшіліктің де ой-пікірі осы жерге тоғысты. Соның негізінде айтылған ұсынысты біз байқаймыз, қолдап отырмыз», — дейді комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзаxметов комиссия жұмысын қорытындылау кезінде.

«Сонымен, осында айтылғандарға дауыс берейік. Біріншіден, бүгінгі күнге дейін комиссияның атқарған жұмысының нәтижесінде қалыптасып отырған ұсыныстардың барлығын ресми түрде Ауыл шаруашылық министрлігіне тапсырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің заң талаптарына сәйкес, Парламентке енгізу жөнінде шешімді қабылдауды сұраймын», — деді ол.

— Екіншіден, мораторий жарияланған нормалар, яғни қазақстандықтарға ауыл шаруашылық саласындағы жерді сату, оларды тоқтату, екіншіден, шетелдіктерге жалға беру бойынша мораторийдің мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу жөнінде ұсынысты Елбасына қарауына енгізу жөніндегі шешімге дауыс берейік. Ал егер шешім қабылдаған жағдайда, онда комиссия жұмысын тоқтатсын деген шешімді де ортаға салайық,- деді министр.

Осыдан кейін комиссия өзара дауысқа салып, бұл шешімдерді қабылдады.
«Дауыстарыңызға раxмет! Енді аталған шешім тәртіпке сәйкес, Елбасының қарауына енгізілетін болады», — деді А.Мырзаxметов.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық