jasqazaq.kz

Қаржысы қолды болған Қызылорда шыны зауыты

13 ақпан 2017, 22:37

Қуандық Бишімбаевтың қанша қаржы жымқырғаны белгілі болды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені сыбайластарымен бірге ұрлаған. Қазір осы іс бойынша тағы «OrdaGlass» және «Шымкентхиммонтаж» компанияларының басшылары мен Бишімбаевтың бауыры ұсталыпты. Экс-министр ұрланған миллиардтың 650 миллион теңгесін сол бауыры арқылы жеке өзі алған дейді тергеушілер.

-Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тура бір жарым ай бұрын қамауға алынған еді. Бюджет ақшасын жымқырғаны үшін ұсталған шенеуніктің осы уақытқа дейін миллиондарды қалай және қанша ұрлағаны құпия ұсталған.

Енді тиісті тексеруден соң тергеушілер сол қыруар ақшаның Бишімбаевтың қалтасына қалай және қанша көлемде түскенін жариялап отыр. Ұлттық бюроның мәліметінше, экс-министр «Байтерек» холдингін басқарған кезде миллиард теңгені сыбайластырымен бірге жымқырыпты. Қыруар ақша Қызылордадағы мына шыны зауытының құрылысына бөлінген. Оны ұрлау үшін Бишімбаев жалған серіктестіктер құрып, жұмысшылардың тамағы мен жатын орнына деген желеумен ақша сұратқан. Кейін оны сыбайлас фирманың шотына аударып, шешіп алыпты. Сөйтіп, миллиардтың 650 миллион теңгесін Бишімбаевқа туысқан бауырлары әкеліп берген екен.

Негізінен, Бишімбаевтың аранын ашқан Қызылордадағы осы шыны зауытының құрылысына 52 миллиард теңге бөлінген. Көбі сол кезде жобаның құны тым қымбат екенін айтып, зауыттың құрылысына қарсы шыққан еді. Бірақ, Бишімбаев мұны ескермепті.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Зауыт құрылысына қарсылық білдіргендер жобада көп шикілік барын айтқан. Оның үстіне бағасы тым қымбат болды. Бірақ «Байтерек» холдингіне қарасты «Қазақстан даму банкі» жобаны қаржыландырып жіберген.

Соған қарағанда Бишімбаев бюджеттің миллондарын зауыт арқылы ұрлауды сол кезден-ақ жоспарлаған болуы мүмкін. Ал, осы іс бойынша тағы «OrdaGlass» және «Шымкентхиммонтаж» компанияларының басшылары және Бишімбаевқа ақша тасыған бауыры да тергеліп жатыр.

Қуандық Бишімбаевтың өзі уақытша изоляторда . Тергеу аяқталып, сот біткенше осында болады. Ал мақтаулы «Болашақтың» түлегінің кінәсі дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп,15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде