jasqazaq.kz

Қарызын қайтармағанның жүйкесі жұқарады

10 қазан 2016, 21:51

 

d95cbba9cebd2360911d92b560906772Елімізде ақыл-есі дұрыс емес адамдар көбейіп барады! Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер жыл басынан бері психикасы ауытқығандар саны 220 мыңға жуықтағанын мәлімдеді. Бұл тек ресми тіркеудегілері ғана. Шын мәнінде, ауруын жасырып жүргендер тым көп екен.

– Аяғым, қолым қызады. Ұйықтай алмаймын. Сол ұйқысыздықтан мазасызданамын.  Көзім ұйықтағанымен, өзім ұйықтамаймын. Миым ұйықтамайды.

Күйзелістен болған ұйқысыздық, суицидке ұмтылыс, шизофрения, тіпті педофилизмге дейін психикалық ауруға жатады. Мұндай науқастарды психиатрлар айлар бойы емдегенімен, көп жағдайда ауру қайталанып отырады екен. Ал кәмелеттік жасқа толмаған ұл-қыздарды азаптап, зорлайтын педофилдердің емі мүлдем жоқ. Олар тиісті ем-домды қабылдағанымен, жарты жыл сайын қылмысқа баруы мүмкін. Салыстырмалы түрде, қатты күйзелістен суицид жасамақ болғандарды емдеу әлдеқайда жеңіл, – дейді мамандар. Ал науқастар арнайы психикалық ауруханаға барып, дәрігерге көрінуді ұят көреді екен. Осылайша, олар ауруын жасырып, асқындырып алады. Дәрігерлердің айтуынша, тіпті төленбей қалған несиенің өзі адамды ақыл-есінен адасуға әкелуі мүмкін.

Айгүл Сүлейменова, психиатр-дәрігер:

–  Себебі Қазақстанның 90 пайызы кредитте. Кредит ол созылмалы ауруға айналады. Отбасындағы адамдардың психикасы бұзылады. 

ktk.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар