jasqazaq.kz

Қарсақ қаланың қақ ортасында жүр

14 ақпан 2017, 21:53

Көше кезген жыртқыш! 3 күннен бері Алматының қақ ортасында жабайы қарсақ жүр.Мекенінен адасқан хайуан Медеу ауданындағы бір кеңсенің маңайын паналап келген.

ktk.kz хабарлағандай, алаңсыз жүрген қарсақты кеңсе қызметкерлері жексенбіде байқаған. Сөйтіп, оны тамақтандырып, жануарларды қорғаушыларға хабар беріпті. Бүгін құтқарушылар адасқан аңды ұстауға тырысқанымен, қарсақ қулығын асырып, қашып кетті. Бастапқыда көліктің астына тығылған ол, артынша үйлердің арасына кіріп, ізім-ғайым жоғалған. Сондықтан, қазір қарсақ қалада емін-еркін қыдырып жүрген болуы мүмкін. Жыртқыш адамдардан аса сескенбейді. Ал оның мұнда қайдан келгені түсініксіз. Жануарларды қорғаушылар хайуанды жақын арада ұстап, өзінің тіршілік ортасына жібереміз деп отыр.

Владимир Теплюков, аула сыпырушы:

— Демалыс күні жұмысқа келгенімде, мына жерден із көрдім. Ал, күзетші қарсақ көргенін айтты. Бастапқыда оған сенбей, ит шығар деп ойладым. Артынша аңды көріп,кәдімгі қарсақ екеніне көзім жетті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық