jasqazaq.kz

Арман Шаққалиев сауда желілеріне мониторинг жүргізді

01 қантар, 20:18

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 1 қаңтарда елордадағы сауда желілеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ведомство басшысы ірі Small, Magnum, Анвар сауда желілерін аралады, деп хабарлайды jasqazaq.kz сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Сауда желілері бүгін 10:00-де өз жұмысын бастады. Алғашқы келушілердің бірі болған сауда министрі баға тұрақтылығы мен сөредегі тауарлардың қолжетімділігіне, ассортиментіне баса назар аударды.
“Біз арнайы 1-қаңтарда сауда желілерін аралап шықтық. Мақсатымыз — бүгінгі бағаның тұрақты екеніне көз жеткізу. Ешқандай өзгеріс, тапшылық жоқ. Жаңа жылдың алдында біз сауда желілерімен бірлесіп Береке fest акциясын өткіздік. Сауда желілері әлі де түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр. Сөреде тауар толы. Осындай тұрақты жағдай барлық сауда объектісінде болуы керек”,- деді Арман Шаққалиев.

Сауда желілерінің өкілдерімен кездескен министр бағаны тұрақты ұстауды және оны негізсіз өсірмеуді тапсырды. Сондай-ақ министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесіне бақылау жұмысы жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды.

Мұндай мониторинг жұмыстарын министрдің тапсырмасымен өңірлердегі сауда және тұтынушылардың құқығын  қорғау департаменттері жергілікті әкімдікпен бірлесіп белсенді жүргізіп жатыр. Айта кету керек соңғы 6 апта бойы ӘМАТ тауарларының бағасы тұрақты.

JQ-Aqparat

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді