jasqazaq.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

28 наурыз 2017, 17:20

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсетіп жүрген қазақстандық спортшы Николай Веретенников төртінші жеңісіне қол жеткізді.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Legacy Fighting Alliance 7 турнирінде қазақстандық спортшы қарсыласы Кловис Хэнкокты сол аяғымен теуіп құлатты. Америкалық спортшы нокаутқа түсті. Бұл соққыдан кейін Веретенниковты Sports.ru порталы әйгілі Мирко «Крокоп» Филиповичпен салыстырды. Бұл 26 жастағы қазақстандық спортшының төртінші жеңісі (екеуін нокаутпен ұтқан) және оның екі жеңілісі бар. Ал оның қарсыласы 30 жастағы Хэнкок екі рет ұтып, екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр. Бұл жекпе-жек Веретенников үшін амрикалық Legacy Fighting Alliancе промоушені аясында алғашқы болып отыр. Веретенников жауынгерлік самбодан Қазақстан және әлем чемпионы, ушу саньда жекпе-жегінен еліміздің чемпионы. 2015 жылы ол АҚШ-та кәсіпқой бокс ережелері бойынша қолғап түйістіріп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

https://www.youtube.com/watch?v=rExGx_5D8hA&feature=youtu.be

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық