jasqazaq.kz

Қара мұнай тәріздес қара зат

23 тамыз 2016, 12:32

 

 

munay

 

 

Атырауда  өзінен-өзі жердің астынан шығып жатқан қара майға ұқсас сұйықтықтың не екенін әлі ешкім тапқан жоқ. Мамандар сынамасын алып зерттеуге алып кетті.

 

Ауыл іргесіндегі алақандай шұңқырдан қара майға ұқсас табылған зат жергілікті көпшіліктің таңданысын туғызды. Тұрғындардың айтуларынша, жол айырығындағы мына шұңқырдың пайда болғанына көп уақыт бола қоймаған. Алайда зиянды зат па деп шошынғандар не сұйықтық екенін ажырата алмай әлек.

Қара сұйықтыққа толған жол бойындағы шұңқырға шошына қарағандардың кейіннен қызығушылығы оянып, өз беттерінше зерттеу жүргізіп көрген. Жорамал жасаған тұрғындардың бірі – мұнай деп кесіп айтты.

“Қара мұнай тәріздес қара зат. Алып соны қойып-қойып, жарты сағаттан соң анау қоюланғаннан кейін интернеттен қарап, соның бәрін айырып, манағы енді өзінің ойынша мұнай деп есептеп жатыр”, – дейді қала тұрғыны сабыр Жұпмағамбетов.

Ал түсірілім тобынан жерден шыққан мұнайға ұқсас сұйықтықты естіген экологтар бүгін сынама алды.

“Алдағы уақытта біздер оны зертханада анализ жасап, талдамасын жасап, «несін» анықтауымыз керек. Мұнай қалдықтарына жата ма, жатпай ма?”, – дейді Атырау облысы бойынша экология департаменті зертхана-сараптамалық бақылау бөлімінің басшысы Жолдасқали Телағысов.

«Аптаның соңына қарай қорытынды шығарамыз» деген Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары әзірге тон піше алмайтындарын жеткізді.

 

Stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық