jasqazaq.kz

Қарағандыда 9 жасар құтқарушы марапатталды

02 тамыз 2016, 15:59

2733859cd31f07a0dd7506b39a17df23_L

Қарағандылық оқушы өзі суда жүзе білмесе де, батпаққа батқан бүлдіршінді құтқарып қалды, — деп жазады 24.kz. Өжет қызды өңір құтқарушылары арнайы марапаттады.

9 жасар Настя Пхенда осымен екінші рет қайсарлық танытып отыр. Ол осыдан бір жыл бұрын көліктің астына түсе жаздаған сәбиді аман алып қалған болатын. Облыстың бас құтқарушысы кішкентай Настяға құрмет грамотасын тапсырып, құтқарушы қыздың мектебіне алғыс хат жолдайтынына уәде берді. Айта кеткен жөн, шомылу маусымы басталғаннан бері Қарағанды облысында 19 адам суға кетті, оның 9-ы жасөспірімдер. Сондай-ақ, 24 адам құтқарылды. Настя Пхенда, Қарағанды қаласы № 51 орта мектебінің оқушысы: — Батпақ терең екен, кішкентай баланың батып бара жатқанын көріп, құтқаруға асықтым. Болашақта құтқарушы немесе аудармашы болғым келеді. Түрлі тілдерді үйренгім келеді.

 

zhambylnews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық