jasqazaq.kz

Қарағанды облысында су тасқыны басталды (видео)

30 наурыз 2017, 16:31

Қарқаралы ауданындағы Ағадыр ауылы, Шет ауданы мен Нұркен және Ақшоқы ауылдарын қар суы басты. Видеодан су деңгейінің қатты көтерілмегенін көруге болады.

Алайда ауылда арнайы резеңке етіктерсіз жүру мүмкін емес. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарынан көлік қозғалысы қиындаған. Қарқаралы ауданын да қар суы басып жатыр. Ақшоқы мен Нұркен ауылдары су астында қалған, шаруашылық құрылыстарын да су басқан. Нұркен ауылы тұрғындарының айтуынша, су кейбір жерлерде үйдің ішіне дейін кіріп жатыр. «30 наурызда елді мекендерді су басты. Былтырғыдан қарағанда екі есе көп су болды. Далада жүрген жылқыларымыз судың ортасында қалды», — дейді ауыл тұрғындары. Құтқарушылар да аулаларды су басқанын жасырып отырған жоқ. Tengrinews.kz хабарлағандай, төтенше жағдайлар қызметіндегілер тұрғындардан сабыр сақтауларын сұрайды. «Облыста екі күн қатарынан жаңбыр жауды. Онымен қоса қар еріп жатыр. Әрине, су өздігінен ешқайда кетпейді. Ағадыр ауылында таңертең судың деңгейі 10 сантиметрге дейін жетті. Облыста 54 бақылау пункті жұмыс істеп жатыр. Жағдайды бақылап отырмыз. 100 пайызға дайынбыз», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, ведомстводағылар зардап шеккендердің жоқ екенін айтып өтті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық