Маңғыстау облысында киелі арқарларды атқан браконьерлер ұсталды. Олар осы заңсыз әрекетімен мемлекетке 12 миллион теңге шығын келтірген.
Табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің қызметкерлері аңшыларды Маңғыстау ауданындағы №6-шы бекет маңынан байқап, қолға түсіреді. Ұсталған төрт күдіктіден бас-сирағы кесілген, ішек-қарындары ақтарылған төрт арқар табылды. Мұнымен қоса төрт дана атыс қаруы, бірнеше оқ-дәрі мен екі дүрбі тәркіленген. Мұндай қылмыстық оқиға соңғы 15 жылда тіркелмепті.
ЖАНДОС СҮЛЕЙМЕНОВ, Маңғыстау облыстық ІІД ЖПБ табиғаттықорғау полициясы бөлімшесінің инспекторы:
— ҚР ҚК287-бабы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп — тексеру амалдары жүргізілуде.