jasqazaq.kz

Қарға қамалған көліктер

12 желтоқсан 2016, 22:11

Ақмола облысында тағы қозғалыс қиындады. Боранға байланысты «Астана-Щучинск» тас жолында 700 көлік діттеген жеріне жете алмай, қар құрсауында қалды. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты тарссадағы қозғалыс бір сәтте тұралап қалған.

ktk.kz хабарлағандай, жолда қалғандардың көбі жүк және жолаушы тасымалдайтын көліктер. Қақаған қыста далада қалған адамдардың азық-түлігі таусылған.

Сондықтан құтқарушылар ең алдымен автобус пен жеңіл көліктердің жолын ашып, полицейлердің бақылауымен Астанаға дейін жеткізіп жатыр. Жол бойында әлі жүздеген көлік кезек күтіп тұр. Естеріңізге салсақ, дәл осындай қолайсыз ауа райының салдарынан Астана-Бурабай трассасында автобус жеңіл көлікке соғып, 4 адам қаза тапқан. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жақын күндері жолға шықпауға кеңес береді.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Біз азаматтарға елді мекендердің сыртына шығу өте қауіпті екенін тағы бір мәрте ескертеміз. Және де, 12-13 желтоқсанға тағы дауылды алдын ала ескерту берілді. Астана қаласы мен Ақмола облысында автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты