
Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін ө қалауымен қызметінен кетуді ұйғарыпты, — деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
«Сәтжан Кикимов жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Алайда оны жұмыстан шығару-шығармау туралы мәселе дүйсенбіде шешіледі. Бүгін 11.00-де әкімнің келушілермен кездесуіне байланысты Этика жөніндегі кеңестің отырысы өтуі тиіс болған, бірақ отырыс кейінге қалдырылды, себебі ол өтініш жазды», — деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, осыған дейін даулы видеоның кейіпкері болған Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен ол әрқашан да зор дауыспен сөйлейтінін және атышулы видеода ешкімнің ар-намысына тимегенін мәлімдеді. Бірақ ол халық арасындағы ер адаммен «сіз» деп емес, «сен» деп сөйлескенін қателік деп біледі екен.