
Әйгілі кино жұлдызы Анжелина Джоли күйеуі Бред Питтен ажырасуды жөн көрді. Өнер әлеміндегі жаңалықты қалт жібермейтін ТМZ сайты хабарлағандай, Анжелина ажырасу үшін өтініш берген.
Хабарда ажырасу себебі балаларға қатысты талас-тартыстан туындағаны айтылды. Анжелина Джоли мен Бред Питт 2004 жылдан бері бірге тұрады. Атақты жұп екі жыл бұрын некеге отырған еді. Анжелина отбасындағы алты баланы өзінде қалдырғысы келетінін мәлімдеді.